Қалада белгісіз вирус тарады. Адамдар зомбиге айналып, тірі қалғандар санаулы ғана. Ойыншы қараңғы ғимаратта жалғыз оянып, не болғанын түсінуге және тірі қалуға тырысады. Әр қадам — таңдау. Әр таңдау — тағдыр.
Қатысушы түрлі қауіпті локациялардан өтеді: қараңғы дәліздер, жертөле, бос бөлмелер және зомбилерге толы көшелер. Дұрыс шешімдер ғана оны қауіпсіз жерге алып шығады, ал қате таңдау — өлімге әкеледі.